Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚостанай облысында 18 адамның мүлкін ұрлаған кәсіпкер әйелдің ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратура мәліметінше, тергеу барысында 2019-2023 жылдар аралығында Қостанай облысының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің басшысы 4 қылмыстық схеманы (вагондарды жеткізу және жалға беру, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу, ауыл шаруашылығы дақылдарын сатып алу) әзірлеп, жалпы сомасы 900 млн теңгеден астам 18 жәбірленушінің мүлкін ұрлағаны анықталды.
Қылмыстық жолмен алынған ақшаға ол осы бизнесті жүргізу үшін жылжымайтын мүлік сатып алып (жатақхана), оларды заңдастырған.
Күдіктінің іс-әрекеттері ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2) тармағы, 195-бөлігі 4-тармағы 2) тармағы, 218-бөлігі 1-бөлігі (ірі мөлшерде жасалған алаяқтық, ірі мөлшерде алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы мүліктік залал келтіру, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) бойынша сараланды. Осы баптардың санкциясы мүлкіні тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі ең қатаң жазаны көздейді, - делінген мәліметте.
Қылмыстық іс Қостанай қаласының №2 сотына жолданды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді