30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора – 2023” жедел алдын алу шарасын өткізу кезінде синтетикалық есірткіні таратумен айналысқан екі жас жігітті ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметовтың айтуынша, жедел-іздестіру шаралары барысында жалдамалы пәтерде облыс орталығының 21 және 22 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Пәтерді тінту кезінде полиция қызметкерлері төрт келіден астам А-PVP есірткісін тәркіледі. Сонымен қатар электронды таразылар, 240 шағын-магниттер, электр таспасы, фольга және есірткіні орауға арналған басқа да құрылғылар табылды.
Оқи отырыңыз:
Қара нарықта аса ірі мөлшерде алынған синтетикалық есірткі партиясының құны шамамен 100 млн теңгені құрайды. Бұл партияда – 15 мыңнан астам доза бар.
Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Полиция ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Баптың санкциясы аясында қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қамтиды.
Жыл басынан бері Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері заңсыз айналымнан 328 келі түрлі есірткі заттарын тәркіледі.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды