29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚостанайда жылдамдық режимін 51 рет асырған жүргізушіге 1,5 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Полиция мәліметінше, 29 қыркүйекте Қостанайда патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау” мобильдік қосымшасының көмегімен 1,5 миллион теңгеге жол қауіпсіздік ережелерін бұзған, Ваз 2114 автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Барлық 51 заң бұзушылық жылдамдықтың асыруымен байланысты.
Полиция қызметкерлері бұл автокөлікті арнайы айыппұл тұрағына қойды, жүргізушіге қатысты анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды. Сондай-ақ жүргізуші сақтандыру полисі мен техникалық тексерудің жоқтығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қостанай қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Алмат Қарымсақов құқық бұзушылықтарды автоматты тіркеу құралдары жол қозғалысы қауіпсіздігіне елеулі үлес қосатындығын атап өтті. Бүгінгі таңда облыс орталығында осындай 53 жүйе орнатылған. Олардың көмегімен, сондай-ақ “Ekin Patrol” жылжымалы аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен 55 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды.
Патрульдік полицейлердің планшеттеріне орнатылған және Автоураган аппараттық-бағдарламалық кешендерімен біріктірілген “Қорғау” мобильді қосымшасының көмегімен облыс жолдарында 455 қасақана құқық бұзушы анықталды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек