Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚостанайда ҚР ІІМ Ұлттық ұланның 250 сарбазы ант қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қостанайдағы 6697 әскери бөлімнің алаңында, Қазақстанның он облысынан келген 250 сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Олар халыққа адал болуға, мемлекетті қорғауға және әскери борыштарын толық жауапкершілікпен орындауға уәде етті.
Қыстың суығына қарамастан, олардың жақындары мен туыстары осы маңызды сәтте өз балаларын, бауырларын қолдауға келді. Әрбір жас сарбаздың қадамы, айтылған әрбір ант — бұл жай ғана рәсім емес. Бұл ар-намыс, борыш және жауапкершілікпен байланысты жолды таңдау, - деп жазылған уәкілетті органның ақпараттық сайтында.
Сарбаздар қаруларын ұстап, салтанатты шерумен жүріп өткен кезде жиылған жұрт еріксіз патриоттық сезімге берілді. Тағы бір әсерлі сәт “Ана” композициясын орындау кезінде болды. Ата-аналар мен туыстар осы бір сәтте көздеріне жас алды — бұл қуаныштың, толғаныстың және өз балаларына деген мақтаныштың жасы еді. Айта кетейік, ант қабылдаған жауынгерлер енді Қостанай қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау қызметіне атсалысады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?