Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімінің әскери жасағы облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығынан Германиядан келген қонақтардың 14 жастағы қызы жоғалғаны туралы шұғыл хабарлама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Германиялықтар қыздарын таба алмағандықтан, полицияға жүгінген. Сағат 19:40 шамасында әскери жасақ бастығы Олжас Қабдыбеков, қатардағы жауынгерлер Вадим Голиян, Владимир Ославский, Нұрмұхамед Шагиров және Станислав Быструевпен «Қазақстан» кинотеатры ауданында патрульдеу бағытын айналып өту кезінде шұғыл ақпарда айтылған белгіге ұқсас жасөспірім қызды байқайды.
«Мән-жайды нақтылап, қызды ата-анасымен, Германия азаматтарымен аман-есен табыстырады. Шетелдік қонақтар ұландықтарға Викторияны іздеудегі жедел және үйлесімді әрекеттері үшін алғыс білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі», - делінген хабарламада.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?