Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚостанайда тұрғыннан 6 млн теңге көлемінде ақша талап еткен 18 бен 20 жас аралығындағы бопсалаушылар қолға түсті. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бопсалаушылар 21 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты елеусіз сылтауды пайдалана отырып, одан 6 млн теңге көлемінде ақша қаражатын талап еткен. Күдіктілер жәбірленушіні жалдамалы пәтерде ұстады, сондай-ақ оны қала сыртына шығарып, ұрып-соғып, денсаулығына қауіп төндірді, – деді Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байғонов.
Заңсыз әрекеттер барысында бопсалаушылар 1 млн теңге сомасында ақшалай қаражатты иемдене алды, дегенмен жәбірленушіге қатысты жеңіл пайда табу әрекеттері мұнымен аяқталған жоқ және олар одан ақша талап етуді жалғастырды. Жәбірленуші полицияға арыз берді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы, 3-бөлігі және 126-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта топтың екі мүшесі қамауға алынды, үшіншісі үй қамауында, – делінген мәліметте
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?