Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚостанай қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы орталықта орын алған жан түршігерлік оқиға қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
16 жастағы мүгедек қызды ыстық үтікпен бірнеше мәрте күйдірді деген күдікпен тәрбиеші әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл жағдай Қостанай облыстық полиция басқармасының назарына ілігіп, қазіргі таңда тәрбиешіге ҚР Қылмыстық кодексінің «Азаптау» бабы бойынша іс тіркелді. Ресми мәлімдемеге сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты қарастырылып жатыр.
Аталған бапқа сәйкес, егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл әрекет кәмелетке толмаған және денсаулығында кемістігі бар тұлғаға жасалған зорлық ретінде қарастырылып, аса ауыр қылмыс ретінде бағаланады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді