Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕр адамның құлаған кезде көпеген сүйегі сынған. Бұл фактіні Қостанай облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еңбекті қорғау ережелерін бұзу салдарынан адам қаза болған оқиға бойынша полиция алдын ала тергеуді бастады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасы пациенттің ауруханаға жатқызылғаннан кейін көз жұмғанын нақтылады.
13 ақпанда сағат 19:22-де Қамысты аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 1966 жылы туған науқас жеткізілді. Диагноз «Көп жерден омыртқа мен жамбас сүйектерінің сынуы» және «1-2 дәрежелі жарақаттық шок». Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Тексеру және емдеу медициналық хаттамаға сәйкес жүргізілді. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде науқастың алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Өкінішке қарай, сағат 22:40-та науқас көз жұмды, – деп хабарлады дәрігерлер.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді