Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОн күн бұрын үйіне келген әйелден таяқ жеген Әсия Құтварова ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
23 қарашада екі әйел зейнеткердің пәтеріне келіп, олардың бірі Әсия Құтварованы пәтерден сүйреп шығарып, ұрып-соққан. Зардап шегуші қарт әйел Қостанай қалалық ауруханасына жеткізіліп, полицияға арыз жазған.
Полицейлер Әсия Кәрімқызын соққыға жыққан әйелді ұстады. Белгілі болғандай, зейнеткердің бірнеше қабырғасы сынған.
1 желтоқсанда 85 жастағы зейнеткер қайтыс болды. Өлімнің себебі кардиомиопатия екені анықталды. Яғни, алған жарақаты оның өліміне қатысы жоқ.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді