Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚостанай облысында полицейлер мен құтқарушылар жол апатынан кейін шетелдіктерге жедел көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2 наурызда таңертең Рудный-Қашар-Федоров тас жолында кішігірім жол апаты орын алды. Екі көлік — Hyundai және минивэн жол жиегінен шығып кетті.
Салонда шет мемлекеттердің 11 азаматы, оның ішінде бір бала болды.
Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, дегенмен екі көлік те жолдан шығып кеткен.
Ақпарат алғаннан кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жедел келді.
Жедел қызметтердің үйлесімді жұмысының арқасында автокөліктер жолға шығарылып, жолаушыларға қажетті көмек көрсетілді.
Жол-көлік оқиғаларының барлық қатысушылары оларды құтқарған азаматтарға кәсібилігі мен жеделдігі үшін алғыстарын білдіріп, содан кейін өз бағыттарын жалғастырды.
Полиция департаменті жүргізушілерге жолда, әсіресе қолайсыз ауа-райында сақ болудың маңыздылығын еске салады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді