7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қостанайда жедел жәрдем фельдшері Әнел Баймұрзина шақырту кезінде соққыға жығылды. Медицина қызметкері ауруханадан бірақ шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Фельдшердің айтуынша, оқиға түнгі ауысымда болған. Ентігу мен жүрекке байланысты шағым айтқан тұрғыннан шақырту түскен.
Біз шақырту түскен мекенжайға келдік. Бізді бірден агрессивті түрде қарсы алды. Өз жұмысымызды бастап, алғашқы медициналық көмек көрсете бастадық. Бірақ науқастың қыздары бізге кедергі жасап, егер бірдеңе істесек, бізді қарғайтынын, түрмеге отырғызатынын айтып, қоқан-лоқы көрсетті. Кейін науқастың тыныс алуы мен жүрек соғысы тоқтады, біз реанимациялық шаралар жүргізе бастадық. 30 минут бойы тырысқанымызбен реанимациялық шарадан нәтиже болмады. Біз көңіл айттық. Сол сәтте олар маған тап беріп, тепкілеп, шашымнан тартып, ұра бастады. Екінші фельдшер мен жүргізуші мені олардан қорғауға тырысты, - деді фельдшер.
Жедел жәрдем жүргізушісі қарсы пәтерге жүгіріп, көршілерден полиция шақыруды өтінген.
Осы уақыт аралығында мені шашымнан тартып, соққыға жықты. Кейін көршінің өзі көмекке келіп, мені сол әйелдің қолынан құтқарып қалды, - деді фельдшер Әнел Баймұрзина.
Фельдшердің айтуынша, оның миы шайқалып, самайында гематома пайда болып, бетінде түрлі жарақат алған. Қыз ауруханаға жатқызылып, артынша полицияға шағым түсірген.
Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде үй иелері мен медициналық қызметкерлер арасында жанжал болғаны анықталды, сол жанжал барысында 41 және 51 жастағы әйелдер фельдшерге дене жарақатын салған", - деп хабарлады Қостанай облысы ПД.
Полиция тергеу бастады, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?