Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚостанай қаласындағы дүкендердің бірінде сатушыны пышақпен қорқытып, 15 мың теңгені ұрлаған күдікті саусақ ізі арқылы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Қостанай қаласында болған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Зорлық-зомбылықпен қорқыту арқылы ашық түрде ұрлық жасағаны үшін күдіктінің мүлкі тәркіленіп және жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Қостанай облысының полиция департаменті хабарлады.
Қостанай қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің криминалисті Данияр Нұрқановтың сөзінше, оқиға 17 мамыр күні кешке облыс орталығындағы дүкендердің бірінде болды.
Белгісіз біреу сатушыны пышақпен қорқытып, 15 мың теңгені қолды қылған. Күдікті дүкен сөресінен алынған сұқ саусақтың ізі арқылы анықталды. Оның іздері бұрын «Папилон» автоматтандырылған саусақ ізін сәйкестендіру жүйесінің деректер базасына енгізілген болатын. Қарақшылық дерегі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Данияр Нұрқанов.
Айта кетейік, «Папилон» жүйесі саусақ ізі туралы ақпаратты енгізу, өңдеу, салыстыру, сақтау және берудің барлық процесін барынша автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді