Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында салмағы 6 келі 700 грамм, бойы 69 сантиметр қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Акушерлік тәжірибеде салмағы 4-5 келі болатын нәресте «алып сәби» болып саналады. Алты келі немесе одан да көп бала сирек кездеседі, - деп атап өтті перинаталдық орталық мамандары.
Қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы жақсы. Әулиекөлдегі үйінде Айаруды әкесі, ағасы және әпкесі күтіп отыр.
Ананың босануы жоспар бойынша, кесарь тілігі арқылы өтті. Жаңа туған нәресте екі күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бүгінде анасы мен сәбиі өздерін жақсы сезінеді. Қызға Айару есімі қойылды, - деді дәрігерлер.
Әйгерім Долдашева перинаталдық орталық дәрігерлеріне алғысын білдірді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді