Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚостанайда полицейлер радикалды діни идеологияны насихаттаған ер адамды құрықтады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Қостанай облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 30 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Радикалды діни идеологияны ұстана отырып, ол өз ортасы мен әлеуметтік желілерде өзге дінді ұстанатын азаматтардың төмендігін насихаттайтын және діни себептермен зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдарды таратқан.
Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, терроризмді насихаттағаны үшін оған қатысты 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделіп отыр, ал діни алауыздық тудырғаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.
Ол сондай-ақ осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілі жатыр.
Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді