Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТанысын пышақтады деп күдікке Қостанай облысы Лисаковск тұрғыны 8-қабаттың терезесінен секіріп, қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай күдіктінің үйіне тәртіп сақшылары келген кезде орын алған.
27 мамырда бұған дейін сотталған 30 жастағы жергілікті тұрғын ұрыс кезінде танысын пышақтаған. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды. Полиция қызметкерлері күдікті мен оның тұратын жерін анықтады. Полицейлер оның мекенжайына барған кезде күдікті 8-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Алған жарақатынан қаза тапты, - делінген облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106 және 105-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқиғаға куәгер болған күдіктінің анасы полицейлерге ұлының бұған дейін суицидтік әрекетін байқағанын мәлімдеді. Суицидтік әрекеті туралы бірнеше рет айтқан, - дейді ведомство.
Қазір тергеу жүріп жатыр. Сәйкес сараптама тағайындалды.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді