Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТеміржол кранын жөндеуге бөлінген қаражатты жымқырғандар сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бейімбет Майлин ауданының соты «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалының Қостанай пайдалану локомотив депосының бастығы А. Махмутовқа, оның орынбасары Ж. Сырмановқа, жылу технигі Б.Серікұлына және «Қазақстан-ОЭК» СҮ» ЖШС Тобыл станциясының отын қоймасының бастығы К. Елюсиновқа қатысты үкім жариялады.
Олар ҚТЖ дизель отынын және теміржол кранын жөндеуге бөлінген қаражатты жалпы сомасы 12 млн теңгеге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Махмұтов, Сырманов, Елюсинов 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыруға, Серікұлы 3 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды.
Сонымен қатар, сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді