20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚостанай облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты жолда қалған адамдарға жедел көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Дәл қазір Қостанай облысында 257 жылыту пункті (13 республикалық, 11 облыстық және 232 ЖАО) жұмыс істеп тұр. Облыстық ТЖД мәліметінше, ондағы жалпы орын саны — 11 255. Бұл пунктер ауа райының нашарлауына байланысты қиын жағдайға тап болған жүргізушілер мен жолаушыларға аса қажет. Айта кетсек, Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылында мектеп-интернат базасы мен ДЭУ-55-те жалпы сыйымдылығы 74 орындық пункт бар.
Әулиекөл бастауыш мектебінің жылыту пунктіне 24 адам орналастырылып, бәрі азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Төтенше жағдайлар қызметінің күшімен құрғақ азық үлестірілді. Айта кетейік, құтқарушылар бүгін тағы 9 адамды қар құрсауынан алып шықты. 26 желтоқсан күні Қостанай ауданының Надежинка кентінен Қостанай қаласына бет алған құтқару бригадасы Тобыл өзенінің жағасынан Priora көлігін байқаған.
Көліктен әрі қарай 2 шақырым қашықтықта, жол бойында 4 ер адам табылды. Сөзіне сенсек, олар балық аулап жүріп, боранның қалай күшейіп кеткенін аңдамай қалған. Оның үстіне көлігі бұзылған (аккумуляторында ақау бар). Мамандар оларды Трекол көлігімен алып кетті. Сондай-ақ Боровское-Молодежное автожолында 3 жеңіл көліктен 5 адам эвакуацияланды. Бәрі Молодежное ауылына жеткізілді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?