Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыҚостанайда полиция 5 пәтер ұрлығына қатысы бар азамат қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күдікті азамат қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 45 жастағы қылмыскер бір айдың ішінде тұрғын үйден 5 ұрлық жасады. Ол тұрғын үйлерге есік пен терезелерді бұзып кірген. Ол көбіне алтын бұйымдар мен компьютерлік техникаларды алған. Ол облыс орталығында және Тобыл қаласында өз пиғылын іске асырған. Шығын көлемі 1 млн теңгеден асады.
Біз оны жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ұстадық. Ұстау барысында онда ұрланған ноутбук болған. Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жалпы алғанда, ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін, – деді Қостанай қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Аскар Мусин.
Полиция азаматтардан бейнебақылау камераларын, сондай-ақ күзет дабыл құралдарын орнату арқылы өз мүліктерін сақтау бойынша шаралар қабылдауды сұрайды.
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?