20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚостанай қаласының барлық мектебінде қашықтан оқыту форматы ұзартылды. Мониторинг қорытындысы негізінде қабылданған бұл шешімге сәйкес, онлайн оқыту 3 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шешім күнделікті ауру деңгейіне жүргізілген мониторинг негізінде қабылданған.
«Ауру деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізу негізінде Қостанай қаласындағы барлық 37 жалпы білім беретін мектепте қашықтан оқыту форматын сәрсенбі, 3 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды», – делінген ресми мәлімдемеде.
Бұл шара білім беру процесіне қатысушылардың барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және денсаулығын сақтауға бағытталған.
Қостанай мектептерінің оқушылары 2025 жылдың 26 қарашасынан бастап қашықтан оқыту форматына көшкен еді.
Білім бөлімі одан кейінгі өзгерістер туралы қосымша хабарланатынын ескертті. Ата-аналар мен оқушылар жаңа ақпаратты ресми дереккөздерден қадағалап отыруы қажет.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?