Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚостанай облысында мұғалімдерге зейнетақы жарналары мен төлемдері аударылмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бейімбет Майлин ауданы прокуратурасының мәліметінше, биыл ауданның білім беру ұйымдарының 1 мың 432 қызметкеріне жалпы көлемі 25 млн теңге міндетті зейнетақы жарналары және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерінің аударылмағандығы анықталған.
Аталған заңбұзушылық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқығы мен заңды мүдделерін сақтау бойынша талдау жүргізу барысында анықталды. Қадағалау актісі бойынша құқықбұзушылықтар жойылып, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде қызметкерлер алдындағы берешек өтеліп, олардың конституциялық құқығы қорғалды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Еңбек заңнамасының талаптарын бұзудың алдын алу мақсатында аудан прокуратурасымен еңбек ұжымдарының, аудан басшыларының және жұртшылықтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді