Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚостанайда «Мемлекеттік есепке алу және ведомстволармен өзара байланыс» тақырыбында екі күндік республикалық семинар өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Семинар жұмысына Астана қаласынан, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген мемлекеттік және ведомстволық архив мекемелерінің өкілдері қатысты.
Жиын барысында цифрландыру жағдайында архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері қаралып, бұл үдерістердің мемлекет, қоғам және азаматтар мүдделерін қорғауға бағытталғаны аталды.
Семинар қатысушыларына электрондық құжаттарды тапсыру, қабылдау, сақтау және пайдалану процестерін автоматтандыруға мүмкіндік беретін «Бірыңғай электрондық құжаттар архиві» ақпараттық жүйесі таныстырылған. Оқыту нәтижесінде мамандар аталған жүйемен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеріп шықты.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?