Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚостанайда 9 жасар бала мектепте «бомба бар» деп хабарлап, бұл әрекеті үшін оның әкесі айыппұл төледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқушының айтуынша, ол мұны достарының көңілін көтеру үшін жасаған.
Бастапқыда гимназия оқушысына лаңкестік туралы жалған хабар таратты деген айыппен қылмыстық іс қозғалған, алайда кейіннен іс әкімшілік құқық бұзушылық деп өзгертіліп, оның ата-анасы жауапқа тартылатын болды.
Құқық бұзушының әкесінен 36 920 теңге көлемінде айыппұл өндірілді, - деп мәлімдеді Қостанай облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ауданаралық соттың баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға 7 маусым күні болған. Қоңырау түскен бойда білім ордасына жедел қызмет өкілдері жіберіліп, балалар мен қызметкерлер түгел эвакуацияланған.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?