Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚостанайда қарасора өсірген тұрғынның заңсыз әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қостанай облысында полицейлер есірткі құрамындағы өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Әулиекөл ауданы прокуратурасының үйлестіруімеy 44 жастағы жергілікті тұрғынның үйіне тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижесінде тұрғынның ауласынан бес түп қарасора мен 3,56 грамм марихуана табылып, заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Полицейлердің айтуынша, есірткі заттарын заңсыз өсіру мен тарату — қоғам үшін аса қауіпті әрекет, ол қолданыстағы заңнама аясында қатаң жазаланады. Қостанай облысының полиция департаменті азаматтарды есірткімен байланысты заңсыз әрекеттерден аулақ болуға және мұндай құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады. Аймақта есірткі қылмыстарын анықтау және алдын алу бағытында жоспарлы жұмыстар жалғасып жатыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді