Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚостанай қалалық ауруханасының бас дәрігерін тағайындау ісінде шу шықты. Әкімдік іріктеуден өткен маманмен еңбек шартын жасасуға асықпаған. Осыдан кейін ол сотта өз құқығын қорғауға мәжбүр болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен жылдың желтоқсан айында Қостанай қалалық ауруханасының бақылаушы кеңесі бас дәрігердің лауазымына маманның кандидатурасын мақұлдаған. Алайда облыстық денсаулық сақтау басқармасы онымен еңбек келісімшартын жасауға асықпаған.
Жұмысқа алмау себебі ретінде әкімдік маманның денсаулық сақтау саласында менеджерлің сертификаты жоқ екенін айтқан.
Бірінші инстанция соты маманның біліктілік талаптарына сай келмейтінін көрсетіп, арызын кері қайтарған. Іс апелляциялық сотқа жеткен.
Сот 2020-2023 жылдар аралығында денсаулық сақтау саласы бойынша менеджерлердің анықтамалары берілмейтінін анықтады. Осылайша, байқауды ұйымдастырушылар әдейі мүмкін емес талап қойды. Сонымен қатар, талапкер кейіннен қажетті анықтамасын алғаннан кейін басшы лауазымына тағайындауға ешқандай кедергі болған жоқ, - деп түсіндірді облыстық сот.
Сот талапкердің жағын қабылдап, әкімдікке оның талаптарын орындауға міндеттеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?