Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚостанайда полиция медицина қызметкерлерінің көлігін ұрлап кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
19 қыркүйекке қараған түні Қостанай полициясы науқастың шақыртуына келген жеке клиника дәрігерлерінің көлігі ұрланғаны туралы хабар алды. Тәртіп сақшылары бірден "Ұстау" жоспарын енгізді.
Күдіктіні қолға түсіру барысында 39 жастағы жүргізушіден ішімдіктің иісі шығып тұрды. Алайда ол медициналық тексеруден бас тартты.
Полицейлердің заңды талаптарын орындамағаны үшін сот оған 15 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады және 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды.
Көлікті заңсыз айдап кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, енді қостанайлық азамат екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді