10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚостанай полицейлері бұрын жасалған бірқатар ауыр қылмыстарды ашты, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ашылғандардың арасында 12 жыл бұрын болған қылмыс бар. Ол ұзақ уақыт бойы шешімін таптырмай келген болатын. Себебі, күдіктіні жедел анықтау мүмкін болмаған. Бұл қарақшылық шабуыл Жітіқарада орын алған. Белгісіз адам, жеке үйлердің біріне кіріп, оның иесін аңшылыққа арналған мылтықпен қорқытпақ болған.
Өзіне сенімді болу үшін ол төбеге екі рет оқ жаудырған. Бірақ үй иесі қарсылық көрсетіп, қарақшыны әбігерге түсірген. Нәтежесінде шабуыл жасаған адам қорқып қашып кеткен. Күдікті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында анықталды. Ол бұрын істі болған Қостанайдың 64 жастағы тұрғыны екендігі белгілі болды.
Полицейлер Арқалық қаласында қарақшылық шабуыл жасады деген күдіктіні де ұстады. 23 қаңтар күні микроқаржылық ұйымның кассирін пышақпен қорқытқан ер адам жалпы сомасы 29 мың теңгені қолды қылған. Арқалық қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын сотталған, тұрақты жұмыс орны жоқ 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Іздеу барысында күдіктіден пышақ табылды.
Жәбірленушілер мен куәгерлер шабуылдаған адамды таныды. Сондай-ақ, полицейлер Қостанай ауданы Мичурин ауылының қарт тұрғынына қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді де ұстады. Өткен жылдың 29 желтоқсанында бетперде киген екі адам жалғыз басты зейнеткердің үйіне кірген. Қарт адамды байлап, үйден ақша іздеген.
Қарақшылар 270 мың теңгені ұрлап кеткен. Екі айдан кейін полицейлер Қостанайдың бұрын сотталған 36 жастағы екі адамның ізіне түсті. Барлық деректерге сәйкес ҚР ҚК-нің 192-бабы (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерге 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді