6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСу тасқынына дайындық аясында Қостанай облысының «Қазсушар» филиалы Жоғарғы-Тобыл, Қаратомар және Амангелді су қоймаларында жөндеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында филиал директоры Дәурен Әбдіхамитов мәлімдеді.
Қазіргі таңда Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Жоғарғы-Тобыл су қоймасы мен Албарбөгет бөгетін ауқымды реконструкциялау үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
20 наурыздан Жоғарғы-Тобыл қоймасына тасқын суы келіп түсе бастады. Бүгінде 42 млн текше метр су жиналды. Су қоймасы 76%-ға толы.
Қаратомар су қоймасына 39 млн текше метр су келіп түсті. Нысан 57%-ға толы. Суару маусымы басталар алдында шаруалардың сұранысына сай секундына 6-8 текше метр көлемінде су жіберу жоспарланып отыр.
Бүгінде Албарбөгет бөгеті маңындағы Қабырға өзенінің су деңгейінің төмендегені байқалады. Жалпы алғанда, Қостанай облысындағы «Қазсушар» филиалының нысандарындағы жағдай тұрақты және тұрақты бақылауда, – деді филиал директоры Дәурен Әбдіхамитов.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі