Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚостанай облысында полиция қызметкерлері “Учаске” ЖПІШ барысында заңсыз аң аулаудың 39 фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қостанай облысы ПД күзет полициясының қызметкерлері “Учаске” ЖПІШ өткізу барысында Жангелдин ауданында браконьерлік фактісін анықтады.
Бұл туралы Қостанай облысы ПД табиғатты қорғау полициясы бөлімінің бастығы Гезретғали Әлімғазин мәлімдеді. Полиция қызметкері Жангелдин ауданында патрульдеу кезінде Арқалық қаласының 38 жастағы тұрғынының басқаруымен тіркелмеген атыс қаруы табылған автомашина тоқтатылғанын айтты. Аялдамадан алыс емес жерде полицейлер атылған жабайы қабанның ұшасын тапты.
Іс жүзінде полиция ҚР ҚК-нің 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Жыл басынан бері Қостанай облысы ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері заңсыз аң аулаудың 5 қылмыстық-жазаланатын фактісін анықтады. Газретғали Әлімғазин 26 қыркүйектен бастап Қостанай облысының аумағында аң аулау маусымы ашылғанын айтты. Осы уақытта күзет полициясының қызметкерлері аңшылық алқаптардың орындарын патрульдеу шараларын күшейтіп жатыр, облыс жолдарында мүдделі табиғат қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге арнайы бекеттер қойылды. Аңшылық ашылғаннан бері 573 әуесқой аңшы тексерілді, 69 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде – 39 заңсыз аң аулауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық, балық аулау ережелерін бұзудың 17 фактісі, қару алып жүру және тасымалдау ережелерін бұзудың 13 фактісі анықталды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?