13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚостанай облысында полиция қызметкерлеріне қару қолданған мас жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
12 қарашада Қарабалық ауданында полиция қызметкерлері сағат 21:00-де Алматы – Екатеринбург автожолында, Приуральск кентінің аумағында габариттік шамдарын қоспай жүріп келе жатқан УАЗ автокөлігін байқады. Бұл жағдайда жүргізушінің мінез-құлқы полиция қызметкерлеріне күдік тудырды. Полицейлердің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабына жүргізуші жауап бермеді және рөлді басқара алмай, кюветке шығып кетті, - деп хабарлайды Қостанай облысы ПД.
Сондақ-ақ жүргізуші қашпақ болып, тәртіп сақшыларына қарай бірнеше рет қарумен оқ атқан. Көлікті тастап, жүргізуші оқиға орнынан қашып, қаруды өзімен бірге алып кетті. Аудан аумағында «Сирена» жоспары жарияланып, жеке құрам дабыл бойынша көтерілді.
Қостанай облысы ПД арнайы бөлімшесінің қатысуымен өткен іздестіру іс-шаралары барысында ауданның 35 жастағы тұрғыны мас күйінде, өзінің танысының пәтерінде ұсталды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 380-1-бабы бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Полиция қызметкерлері жауап ретінде қару қолданбаған, оқиғада ешкім зардап шеккен жоқ. Іс бойынша аңшылық қос ұңғылы мылтық, патрондар мен спирттік ішімдіктер тәркіленді.
Қазіргі уақытта қару баллистикалық сараптамаға жіберілді. Сол күні қылмыскер күдікті деп танылып, Қарабалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полицейлер ұсталған адам бұрын тәртіп сақшыларының көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарын ескермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды