12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚостанай облысы Ұзынкөл ауылында аудандық полиция бөлімінің қызметкері Құмар Шайтасовты өлтіріп кеткен. Бірнеше пышақ жарақатын алған полицейдің денесі өз үйінің ауласынан табылған, деп хабарлайды tobolinfo.kz-сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция майоры криминалист болып жұмыс істеген. Ол еңбек демалысында болған.
Қостанай облыстық Полиция департаменті тәртіп сақшысының мәйіті 10 мамырда табылғанын хабарлады.
Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыскерді ұстау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеудің барысы Ішкі істер министрлігінің бақылауында. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейді, - деп атап өтті полициядан.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер