Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЗаң кәмелетке толмағандарға сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін ата-анасының еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында болуға тыйым салады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицияның мәліметінше, ұсталған жасөспірімдердің ең көбі компьютерлік клубтар мен кафелерде, соның ішінде қор-қор шегетін орындарда анықталды. Осындай жағдайлардың 80% облыс орталығына тиесілі. Қостанайда “Жасөспірім” ЖПІШ аясында ювеналды полиция прокуратурамен бірлесіп рейд жүргізді.
Тексеру нәтижесінде қаланың орталығында орналасқан екі компьютерлік клубта 16 және 17 жас аралығындағы жасөспірімдерді анықтады. Олардың екеуі де полиция бөліміне жеткізілді. Ал ата-аналарына әкімшілік жаза ретінде 12 мың теңге айыппұл салынды. Осы жағдай қайталанса айыппұл екі есеге артады, ал жасөспірім профилактикалық есепке алынуы мүмкін, бұл өз кезегінде оның болашағына теріс әсер етеді.
Сонымен қатар полиция департаменті атап өткендей, жыл басынан бері 30-дан астам ойын-сауық иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көптеген кәсіпкерлер пайданы көздеп, қараңғыда үйге бара жатып көшедегі құқық бұзушылықтардың құрбаны болуы мүмкін кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі туралы ойламайды. Мәселе жасөспірімдер кейде қызметкерлерді алдау мақсатында жалған құжаттарды қолданып жатады.
Сондықтан полиция қызметкерлері мекеме әкімшіліктеріне телефондағы фотосуреттерге сенбей, құжаттардың түпнұсқаларын тексеруге кеңес береді. Бұл жағдай ата-аналар мен ойын-сауық иелері үшін ескерту болуы керек: ең бастысы – жасөспірімдердің қауіпсіздігі. Мұндай оқиғалардың алдын алу және балаларды қауіпсіз балалық шақпен қамтамасыз ету тек бірлескен күш-жігермен ғана мүмкін болады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?