23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада Қостанай мен Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде Қостанай облысының 14 ауданынан және 3 қаласынан 50-ден астам кәсіпорын өз өнімдерін ұсынып отыр. Шаруалар елордаға 400 тонна тауар әкелді. Оның ішінде мал еті – 51 тонна, сүт өнімдері – 35, шұжық өнімдері мен ет жартылай фабрикаттар – 23, жарма мен макарон өнімдері – 30, картоп пен көкөністер – 70, ұн – 50, сондай-ақ нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, сусындар, бал және басқалары бар.
Жәрмеңкеде сүт және ет кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынды. Ал Ақтөбе облысының 12 ауданынан және Ақтөбе қаласынан 20-дан астам шаруалар мен қайта өңдеу кәсіпорындары азық-түлік өнімдерін саудаға шығарды.
Қала тұрғындары үшін 80 тонна ет, 61 тонна картоп пен көкөніс, 30 тонна сүт, 17 мың дана жұмыртқа, 6 тонна балық, бір тонна бал, 10 тонна шұжық, 8 тонна ұн мен макарон өнімдері бар.
Айта кетейік, өнімдер орташа нарық бағасынан төмен сатылады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады