20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматы қаласында Наурыз мейрамы аясында Ұлттық спорт түрлерінен өткен жарыста Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының әскери қызметшісі ефрейтор Бауыржан Әбдіқайым рекорд жаңартты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Екі сағат ішінде ол 50 келі болатын қошқарды 2050 рет көтеріп, жаңа рекорд орнатты. Осыдан бір жыл бұрын Бауыржан қошқарды 1600 рет көтерген болатын. Жалпы, бұл оның осындай жарыстағы сегізінші жеңісі.
Мен өз рекордымды ерік-жігері мықты қазақ халқына арнадым. Әрине, күш-қуат тұрғысынан оңай болған жоқ. Бірақ шыдамдылық пен күнделікті жаттығулар өз нәтижесін көрсетті. Маған қолдау көрсеткендердің барлығына рахмет. Алға Қазақстан, - деді спортшы.
Ефрейтор Бауыржан Әбдіқайым Орталық спорт клубында 2017 жылдың мамыр айынан бастап коменданттық взводтың аға сарбазы лауазымында қызмет атқарып келеді. Спортшы Алматыда ұйымдастырылатын республикалық, қалалық марафондар мен ірі спорттық іс-шараларға тұрақты түрде қатысып тұрады.
Биыл Отан қорғаушылар күніне орай ефрейтор Бауыржан Әбдіқайым Алматыдан Таразға дейін жүгіруді жоспарлап отыр.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?