29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПавлодар облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Абай облысындағы әріптестерімен бірлесіп, акцизсіз темекі өнімдерін өткізу арнасының жолын кесу бойынша ауқымды операция жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Кеше бір мезгілде екі өңірде үш жүк автокөлігі тоқтатылды. Оларды тексеру кезінде акцизсіз, жалпы саны 2 млн бумадан астам түрлі маркалы темекі табылды. Ал жүк көліктерінің жүргізушілері сантехниканы тасымалдауға арналған құжаттарды көрсеткен. Аталған облыстардың мемлекеттік кірістер департаменттерінің мамандары темекі өнімдерінің нарықтық құнын анықтады. Ол 3 млн АҚШ долларынан немесе 1,5 млрд теңгеден асады.
Жиналған материалдар экономикалық тергеп-тексеру қызметінің өңірлік департаменттеріне берілді. Бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің 214-бабымен (Заңсыз кәсіпкерлік қызмет) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек