Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһармен Салтанат Нүкенованың өлімінен кейінгі балаларының қазіргі жағдайы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мен үнсіздігімді қойып, пікір айтайын деген шешім қабылдадым. Салтанаттың қайғылы қазасынан бері 40 күннен астам уақыт өтті. Балаларға және маған не болып жатқанын түсіну үшін уақыт керек болды. Балаларым және мен Салтанаттың отбасына шын жүректен көңіл айтамыз. Мен Салтанатпен жеке таныс емес едім. Алайда балаларым онымен дос болып, Салтанатты ашық-жарқын, мейірімді және өте жанашыр адам ретінде еске алады, – деп жазды Назым Instagram парақшасында.
Ол балаларының оқиғаны қалай қабылдағанын айтып берді.
Бұл нәрсені балалырмның ең жақыны, тірегі, қолдаушысы болуы керек адам жасағаны ауыр тиді. Қорқынышты, ұят әрі қатты қиын. Балаларым басынан өткерген қиыншылық, әрине Салтанаттың туыстарының азабының жанында түк емес. Бірақ балаларымның жақсылық пен мейірімнің жағында болатынына сенемін, – деп жазды Бишімбаевтың бұрынғы әйелі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді