7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Еліміздің Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Қырғызстан қорғаныс министрі генерал-лейтенант Бақтыбек Бекболотов Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің «Жауынгерлік достастық – 2023» бірлескен оқу-жаттығуына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сапар аясында генерал-лейтенант Бақтыбек Бекболотов Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында болды.
Оқу орнында болған екі ел қорғаныс ведомстволарының басшылары генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен генерал-лейтенант Бақтыбек Бекболотов есімі әскери институтқа берілген Кеңес Одағының Батыры, № 1 Халық қаһарманы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Руслан Жақсылықов қырғыз әріптесін офицер кадрлар дайындайтын білім ордасының оқу-материалдық базасымен таныстырды. Сапар барысында Т-72 танкі, жаяу әскердің БМП-2 жауынгерлік машинасы, БТР-80 беренді транспортері және автомобиль техникасын үйрететін оқу тренажерларының бөлімшелері көрсетілді.
Қазақстан мен Қырғызстанның әскери саладағы, оның ішінде әскери білім беру жүйесіндегі ынтымақтастығы сындарлы әлеуетке ие. Қырғыз Республикасы әскери мамандарды даярлау жүйесіндегі Құрлық әскерлері әскери институтының серіктесі. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қырғызстанның Қорғаныс министрліктері арасындағы келісім аясында институтта 15 қырғыз курсанты білім алып жатыр.
Қырғызстан Республикасы Қорғаныс ведомствосының басшысы сапар барысында әскери институтта түрлі мамандықтар бойынша оқып жатқан қырғыз курсанттарымен кездесіп, әңгімелесті.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?