Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚорғаныс министрлігінде әскери қауіпсіздік пен қорғаныстың өзекті мәселелері жөнінде сабақтар курсы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған сабақтар орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен ҚР Парламентінің депутаттары үшін ұйымдастырылды.
Әлемдегі әскери-саяси ахуалдың өсу тенденциялары мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жіті назарға алуды қажет етеді. "Батыл тойтарыс-2023" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының нәтижелеріне қарай Мемлекет басшысы еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту жайлы міндеттер қойып, Қазақстан кез келген сын-тегеуріндерге дайын болуы тиіс екенін атап өткен болатын, - деді курстың ашылуында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов.
Аталған дәрістер курсы ұлттық қауіпсіздік, қорғанысты жоспарлау, экономикалық қамтамасыз ету, жұмылдыру, ел аумағын жедел жабдықтау, аумақтық және азаматтық қорғаныс, ақпараттық қауіпсіздік, сонымен қатар Қарулы Күштерді қолдану негіздері төңірегінде өткізілетін болады.
Бірінші сабақта қатысушыларға әлемдегі және аймақтағы әскери-саяси ахуал, оның артуының қазіргі тенденциялары мен болжамдары туралы дәріс оқылды.
Жалпы дәрістердегі таныстыру курсы мемлекеттік органдардың қауіп-қатерлердің өсуі жағдайында, соғыс жағдайында да, жұмыс істеу мәселелерін, сондай-ақ әскери жоспарлау жүйесінің негіздерін толық түсінуге бағытталған.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер