20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТұтас бір халықтың тарихы бір концертке сыйған. Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы Республика күнін мерекелеуге дайындаған бағдарламаны осылай сипаттауға болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері отбасыларымен, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.
Елордадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның сахнасында өнер көрсеткен Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы Ұлы даланың даңқты батырлары мен қазіргі жауынгерлердің қаһармандығын бейнелеп, көрермендер үшін көне тарих пен қазіргі заман үйлесімді тоғысқан атмосфераны қалыптастырды.
Эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өнер көрсеткен «Батырлар ізімен» би тобы көрермен қошеметіне бөленді.
Әншілер Дәурен Төлеубаев, Сәкен Әлімханов, Нұрсәт Алмас, Хамит Отарбаев және ерлер хорының орындауындағы «Қазақстан – байтақ елім» әні сахнаны сәнге бөледі.
«Жас сарбаз» балалар студиясының «Жайна туған жерім» әнімен орындаған қойылымы да ешкімді бей-жай қалдырмады.
Мақпал Омарова мен Санжай Әлмішев жоңғар шапқыншылығынан аман қалған қазақ халқының тарихи беттерінен хабар беретін «Елім-ай» әнін орындады.
Концерт бағдарламасында басқа да хореографиялық композицияларға, аспаптық және ән шығармаларға орын берілді.
Мерекелік іс-шара Отанның даңқты қорғаушыларды тәрбиелеген туған жердің тауларын, өзендері мен көлдерін дәріптейтін «Егемен Қазақстан» патриоттық әнімен аяқталды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?