20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСоңғы күндері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде әскерге шақыру жасындағы азаматтарды мәжбүрлі түрде ұстап, әскери басқару органдарына жеткізуге қатысты бейнематериалдар тарап жатыр. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі ресми түсініктеме жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру заңнама талаптарына сай жыл сайын тұрақты түрде жүргізіледі. Дегенмен, науқан барысында кейбір азаматтар шақырудан жалтарып немесе белгіленген уақытта келу талабын орындамай жатады. Мұндай жағдайлардың көбісі азаматтардың тіркеудегі мекенжайда тұрмауы немесе мекенжай ауысқан жағдайда қайта тіркелмеуімен байланысты болады.
Егер шақыру қағазын азаматқа жеке табыстау мүмкін болмаса, оны жеткізу Ішкі істер органдарының көмегімен жүзеге асырылады. Мұндай рейдтер кезінде кейбір азаматтар полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсы әрекет танытады. Соның салдарынан олар мәжбүрлі түрде шақыру пункттеріне жеткізілуі мүмкін.
Шақыру пункттерінде әрбір азаматтың мерзімді әскери қызметке шақырылуға негізі бар-жоғы анықталады. Егер шақыруға негіз болмаса, азамат үйіне қайтарылады. Ал негіз болған жағдайда, ол медициналық тексеруден өтеді және әрі қарайғы рәсімдерге қатысады.
Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметтен жалтару — әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін еске салады.
Осыған байланысты, ведомство барлық азаматтарды заң талаптарын сақтауға, жалған ақпарат таратпауға және қоғамдық тәртіпке құрметпен қарауға шақырады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?