20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов бірқатар әскери нысандарды тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматыда ол пайдалануға берілген модульдік кешенді ғимараттың тапсыру сапасын тексерді. Жаңа нысан Алматы қаласының әуеайлағынан басқа өңірлерге әскери-көліктік авиацияның ұшуын жүзеге асыратын және қамтамасыз ететін 53975 әскери бөлімінің жеке құрамын орналастыруға арналған. М. Таласов ұшқыштардың, инженерлік-техникалық құрамның және ұшуды басқару тобының тұрмысы мен демалысын ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында министрдің орынбасары курсанттарға жасалған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлармен танысты. Ол жаттығу залын қарап, казарма мен медициналық пунктегі жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді. Генерал-лейтенант М. Таласов курсанттарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы тәуелді болатын медициналық пункт мамандарының жарақтандырылуы мен біліктілігіне назар аударды.
Жұмыс сапары әскери институтта жаңа медициналық кафедраның ашылуымен тұспа-тұс келді. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының басшылығы министрдің орынбасарын оның толыққанды жұмыс істеуі мен дамуы үшін атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті.
Тексеру қорытындысы бойынша генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов әскери инфрақұрылымның жаңа объектілерінің қызметін ұйымдастыруға және жарақтандыруға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?