20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан Қарулы күштерінің делегациясы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылығымен Анкараға барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Түркия Қорғаныс министрі Яшар Гюлермен және Түркия Қарулы күштері Бас штабының бастығы армия генералы Метин Гюракпен кездесті.
Тараптар екіжақты әскери ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективалық бағыттарын, өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, әскери оқу-жаттығуларды өткізу, білім беру, тілдік дайындық және бітімгерлік қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы сөз болды. Сондай-ақ, қару-жарақ пен әскери техниканы сатып алу және өндіру бойынша бірлескен жобаларға қатысты мәселелер қозғалды.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде серіктестіктің жоғары деңгейін куәландыратын өзара сапарлардың оң динамикасын атап өтті.
Сапар барысында генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Түркияның жоғары әскери оқу орындарында оқитын қазақстандық курсанттармен кездесті.
Қазақстандық делегация Түркияның әскери нысандары мен қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарында болды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?