Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікШымкент гарнизонында Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Арнайы операциялар күштерінің бөлімшесіне барып, жауынгерлердің мызғымас рухының символы – монументтің ашылуына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тұғырға бас қаруы сай арнайы жасақ жауынгері қонған. Оның қолында қуат-күшін, еркіндік пен жарқын болашаққа деген ұмтылысын бейнелейтін қанаттары жайылған құдіретті қыран бүркіт. Ескерткіштің тұғырына «Біздің күшіміз – бірлікте» ұраны жазылған.
Саптық плацта Жауынгерлік туды табыстауға арналған салтанатты рәсім өтті. Оны Қорғаныс министрінің қолынан 36814 әскери бөлімінің командирі полковник Ұлықбек Сақ қабылдады.
Бұл әскери жәдігер өткен, қазіргі және болашақ жауынгерлердің ар-намысын, абыройын, даңқы мен жауынгерлік дәстүрлерін бейнелейді. Бүгін сізддердің бөлімнің жауынгерлік қызметінің жаңа беті басталды. Ата-бабаларымыздың өсиетіне адал болып, Арнайы операциялар күштерінің жауынгері атағын мақтанышпен алып жүріңіздер, – деді министр.
Жауынгерлік туды тапсыру рәсімі бөлімнің басқару органының жаңа модульдік ғимаратының ашылуына жалғасты. Генерал-полковник Руслан Жақсылықов штабтың орналасуы үшін жасалған жағдайды тексеріп, жаңартылған тұрғын үй қорымен танысты.
Ведомство басшысы тактикалық қалашықта және арнайы жасақтардың практикалық сабақтары өтетін оқу-жаттығу кешенінде болды. Әскери қызметшілер ғимаратты тазарту, автокөлікке, автобусқа шабуыл жасау, сауытты машинамен «жаралыларды» эвакуациялау секілді іс-қимылдарды көрсетті. Сондай-ақ, әуе-десанттық дайындық элементтері көрсетіліп, жұмылдыру резервіне сабақ өтті.
Психологиялық кедергілерді еңсеру барысында офицерлер көрінуі шектеулі және күрт өзгеретін жағдайда жедел шешімдер қабылдады.
Бөлімнің әскери қызметшілерін жауынгерлік даярлау шарттарын зерделеген Қорғаныс министрі мемлекеттің мүдделерін қорғау мен оның қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету жөніндегі неғұрлым күрделі тапсырмаларды орындауға арналған бөлімшенің жауынгерлік әлеуетін арттыруды тапсырды.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер