Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыӨңірде қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов облыс орталығында орналасқан бірқатар әскери нысандар мен жоғары оқу орындарын аралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровпен кездесуде аумақтық қорғаныс бригадасын жарақтандыру, әскери-оқытылған резервті қалыптастыру және дайындау, сондай-ақ «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын өткізу мәселелері талқыланды.
Мұғалжар ауданында генерал-полковник Руслан Жақсылықов әскери база құрылысының барысымен танысты. Мәртөк ауданында «Хлебодаровка» далалық аэродромының инфрақұрылымын зерделеді. Мұнда әскери ұшқыштар институты курсанттарының оқу-жаттығу ұшулары өтеді. Келер жылы әскери-патриоттық клубтардың, әскери колледждер мен мектептердің үздік командаларының қатысуымен іс-шара өткізу жоспарлануда.
Сапар қорытындысы бойынша ведомство басшысы әскери нысандар құрылысының мерзімі мен сапасына, әскери қалашықты абаттандыруға және «Айбын» жастар жинынына дайындық іс-шараларына байланысты бірқатар тапсырмалар берді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары