Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБокстағы байырғы қарсыластар қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев пен өзбекстандық Баходир Жалолов тағы кездесті, бірақ бұл жолы шаршы алаңда емес, мейрамханада, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.
Аса ауыр салмақта әлі жеңіліп көрмеген Баходир Жалолов Астанадағы кәсіпқой бокс кешінде украиналық Игорь Шевадзуцкиймен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңді. Елорда төріндегі айқастан соң Баходирді Қамшыбек қонақ қылып күтіп, үстіне шапан жапты.
«Шаршы алаңда қарсылас болсақ та, өмірде доспыз», - деді Қоңқабаев.
Жалпы, соңғы жылдары дәл осы екі алыптың айқасын асыға күтетіндер көп еді. Екеуі әуесқой бокста 10 рет кездесіп, соның жетеуінде Баходир Жалолов жеңіске жетсе, қалған үшеуінде Қамшыбек Қоңқабаевтың мерейі үстем болған.
Бірақ жылдың басында Қоңқабаевтың бокспен қоштасқаны белгілі болды. Ал Жалолов кәсіпқой боксқа бет бұрғанымен, үшінші рет Олимпиада ойындарын бағындырғысы келетінін жоққа шығармады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді