Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПавлодар облысы бойынша балалар құқығы жөніндегі уәкіл футбол жаттықтырушысы 10 жасар қызды зорлады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Балалар омбудсмені Сәуле Шәкенова жәбірленушінің анасына хабарласып, баланың жағдайын сұрағанын мәлімдеді,
Полиция қызметкерлерінің әрекеті құрметке лайық, қыздың анасы риза. Полицейлер жедел әрі сауатты, мүмкіндігінше дұрыс әрекет етті дейді . Мен өз тарапымнан анасына 10 жасар қызының қорықпай, бәрін айтып, сол арқылы бір емес, бірнеше баланы аман алып қалған қылығына таңданысымды білдірдім! Мен үшін бұл – ерлік! Мұндай батырлық кез келген ересек адамның қолынан келе бермейді! Сондай-ақ көпбалалы анаға қызына берген тәрбиесі үшін алғыс айттым. Өйткені ата-ана өздеріне деген сенім деңгейін қалыптастырған, соның арқасында балалар отбасында өзін қауіпсіз сезінеді", – деді Павлодар облысының балалар құқығы жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенова.
Сараптама тікелей жыныстық қатынас болмағанын көрсетіп отыр. Алайда, ер адам кәмелетке толмаған қызға тиісіп, өзінің әурет жерлерін ұстатқан. Қызды қонақүйге апарып, содан кейін үйіне апарып тастаған.
Бапкер қазір қамауға алынды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?