Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазір бұл қала әкімшілік орталыққа айналып, студенттер орталығы болуға бағыт алды.
Қонаевтағы казинолар жабыла ма? Дәл осы сауал БАҚ-та жиі көтерілетін. Бүгін Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев көпшілікті толғандырған осы сауалға жауап берді.
Қонаевтағы казинолар көшірілмейді. Аумақтың туристік әлеуетін арттыру үшін жақын маңда жергілікті тұрғындар мен қонақтарға арналған түрлі нысандар мен үйлер салынады.
Ойын бизнесі туралы заңға сәйкес ойын бизнесінің нысандары Қонаев пен Щучинскіде орналасқан. Олар қазір жұмыс істеп тұр және оларды көшіру жоспарда жоқ. Біз оларды ойын-сауық орталықтары секілді етіп жасаймыз, - деді әкім.
Әкім ойын бизнесінің нысандарын ғана дамытып қоймай, олардың ішінде кинотеатрлар, аквапарктер мен ойын-сауық орталықтары бар кешенді дамыту керектігін алға тартты.
Қонаев қалай өзгереді?
Қаланың бас жоспарына сәйкес, 2050 жылға қарай қала аумағы 9 мыңнан 19 мың шаршы гектарға дейін өседі, яғни Жаңа Іле тұрғын үй алабы салынып, тұрғындар саны үш есе: 70 мыңнан 200 мыңға дейін артады.
Бұл жерде тұрғын үйлер, студенттер қалашығы, аспалы жол, көлік көпірі мен жаңа демалыс аймағы болады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?