Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҮкімет Қонаев қаласының бас жоспарын бекітті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас жоспардың негізгі мақсаты – оның барлық элементін өзара байланыстыра отырып, өнеркәсіптік-коммуналдық және рекреациялық аймақтарды ұтымды бөліп, жайлы және қауіпсіз тіршілік ортасын құру.
Жоспарда қаланың перспективалық шекарасына қосылатын елді мекендер мен тұрғын үй кешендері де ескеріледі.
Жоспарды іске асырудың есептік кезеңі 2050 жылға дейін жалғасады.
Өңірдің көлік-логистикалық жүйесін жаңғыртуға және одан әрі дамытуға жақсы серпін берілетін болады. Қонаев қаласының авиация, теміржол, жол және су көлігін қолданудағы көлік-логистикалық жүйесінің мультимодальдығы оны Алматы облысындағы орталық көлік-логистикалық хабқа айналдырмақ. Жасыл электр энергиясын өндіру көздері – Қонаев қаласының индустриялық-инновациялық дамуының маңызды аспектісі, - делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Қаланың әлеуметтік саласын дамытудағы басымдық – оны Алматы облысының және өңірдің туризм, демалыс, спорттық демалыс орталығы статусына сәйкес келетіндей етіп дамыту.
Жоспарды іске асыру кезінде жалпы ауданы 2 538,2 мың м2 жаңа тұрғын үй салынбақ.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деңгейін 18%-ға, жалпы жұмыссыздық деңгейін 4,2%-ға, жастар арасындағы жұмыссыздықты 3,8%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.
Жоспар аясында мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелер санын екі есе көбейту көзделіп отыр.
Денсаулық сақтау жүйесінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлардағы төсек-орын саны, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін нысандар, сондай-ақ жедел жәрдем станциялары мен көліктер саны екі есе артады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары