20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекXXI Спартакиада аясында ҚР Қарулы күштерінің құрама командалары арасында 32363 әскери бөлімінің базасында Макаров тапаншасы мен Калашников автоматынан нысанаға ату чемпионаты өтті, декп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оған 11 команда құрамында 66 әскери қызметші қатысты. Спортшылар ПМ-3-тен қозғалмайтын нысана бойынша 25 метрге және АК-74-тен үш позициядан нысана бойынша 100 метрге атуда өз шеберліктерін көрсетті.
Былтыр Макаров тапаншасынан жаттығуда мен 282 ұпай жинадым. Бұл жолы нәтижені үш ұпайға жақсарта алдым. Көпжылдық жарыстарға қатысу маған белгілі бір тәсілді жасауға мүмкіндік берді. Нәтиже жинақылықты, шыдамдылық пен табандылықты қажет ететін жаттығуларға байланысты, – деп бөлісті Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшісі подполковник Қазбекхан Қазиев.
Чемпионат қорытындысы бойынша ПМ-3 және АК-74-тен атыс бойынша жалпыкомандалық есепте Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрама командасы үздік деп танылды. Екінші орында – Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері, үшінші орында – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының спортшылары.
Нәтижелерді ескере отырып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар, грамоталар мен кубоктар табыс етілді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?