Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық спорттың дамуына елеулі үлес қосқан, самбодан әлемнің екі дүркін жүлдегері Айсара Керімбекова 20 жылдан бері аула сыпырушы болып жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы белгілі журналист Нұрсейіт Жылқышыбай өзінің Instagram парақшасында жариялаған видеосында айтып өтті.
Бұл – масқара! Бұл – ұлттық намысқа сын! Министрлер мінберден түспей жатыр, ардагер спортшы ауладан шықпай жүр. Қайдасың, туризм және спорт министрі? Тірі аңызға тірісінде құрмет көрсету парыз емес пе? Батырды бағаламаған елден қандай ұрпақ шығады? Ұят емес пе, ағайын?.. (Айсара Керімбекова – кезінде дүние жүзіне танымал болған, қазір тасада қалып қойған спортшы. Дзюдо мен самбодан әлемдік деңгейге көтерілген тұңғыш қазақ қызы), - деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары чемпионның қазіргі өмір сүру жағдайына алаңдаушылық білдіріп, спортқа жауапты тұлғалардың мәселені шешуін сұрап отыр.
Айта кетейік, Айсара Керімбекова – табандылығы мен қайсар мінезінің арқасында халықаралық аренада биік белестерді бағындырған спортшы. Ол күрес өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған санаулы қазақ қыздарының бірі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?