7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Желіде танымал қазақстандық музыкалық топтың мүшелері арасындағы жанжал туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әлеуметтік желідегі жазбаларға сенсек, «Нұр-Мұқасан» тобының жаңа қатысушысы, әнші Ғалымжан өзін топ солисі Мұқасан Шахзадаев пен оның достары соққыға жықты деп мәлімдеген. Ол қолы мен мұрны сынғанын айтқан. Ал жанжалға рұқсатсыз ән жазу әрекеті себеп болған көрінеді.
Оқиғаға байланысты Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сауал жолданды. Ведомство өкілдері арыздың тіркелгенін растады.
22 қараша күні Наурызбай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын азамат М. және өзге де бірнеше адамның оған дене жарақатын салғаны туралы арызбен жүгінді. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның бүкіл мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша заңға сәйкес шара қабылданады, – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Полиция өкілдері тергеу жалғасып жатқанын атап өтті.
Оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті:
«Қандай сұмдық…»
«Не бөлісе алмай қалды екен?»
«Бассыздық!»
«Ұят емес пе?»
«Біздің «жұлдыздарда» халық алдында абырой қалмады. Сөз де, тәртіп те жоқ. Ондайларды тойға шақырмау керек!»
«Қазақстандағы шығармашылық адамдардың мәдениеті осындай ма?»
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?